Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы,                         5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басқармасы басшысының м.а. 2025 жылғы 22 мамырдағы №36/1-н «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Туребаева Зарина Қожабергенқызы - Басқарма басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;

Сыдыкова Эльмира Фазыловна - Жасыл экономика және табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Хасанова Ақбота Дүйсембайқызы – Экологиялық сараптама және рұқсат беру бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;

Уразбекова Индира Беккалиевна – Жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;

Махмұтов Айдар Маратұлы – Бас маман-заңгер, жұмыс тобының хатшысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі: 2026 жылғы                   1 маусым мен 1 шілде аралығы.

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың таза ауысуы – 2025 жылдың қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысуы: Басқарма басшысы Н.Джантоков, Жасыл экономика және табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы Ж.Серікқалиқызы, жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.Куанышов  өз өтініштері бойынша жұмыстан  босатылды.

          Мекемеде теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар болған жоқ.   

          Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

        «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері орын алған жоқ.

         Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі.Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағым болған жоқ.

2) мүдделер қақтығысы – Басқарма бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерді жұмысқа кезінде олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

        

  1. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;

- «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шiлдедегі №593 Заңы;

- «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы;

 

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармасымен 2025 жылғы қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша 2984 қызмет көрсетілді:

 

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың жалпы штат саны 15.

Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалар жоқ.  

Талдау жүргізу барысында Басқарманың персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Талдау жүргізу барысында Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Басқарманың рұқсат беру функцияларына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада  бақылау функциялары жоқ.

YIII. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Талдау жүргізу барысында Басқарманың Талдау жүргізу барысында Басқарманың Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Жасырын қызметтерді анықтау

Басқармада жасырын қызметтер анықталған жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселесі және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында:

         - Басқармада тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру;

         -  қолданыстағы заңдарды және оларға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды үнемі оқу;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды БАҚ-да, интернет ресурстарда жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз ету;

         - Заңдылық қағидатын, ҚР Конституциясы мен заңдарының талаптарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу, өз мінез-құлқымен алаламаушылықтың, әділдіктің, риясыздықтың ұлгісі болу;

         - қызметшілер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік, оған деген табанды имунитетті қалыптастыру ұсынылады.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/events/details/47649?lang=ru