Отырар аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұжымының жалпы жиналысының №4 ХАТТАМАСЫ

 

Отырар аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің

«Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұжымының жалпы жиналысының

№4 ХАТТАМАСЫ

 

         Шәуілдір ауылы                                                                                      03.11.2026ж

 

Жиналыс төрағасы: Қ.Әуел – кәсіпорын директоры;

Хатшысы: Д Сабыров – кадр маманы

Қатысқандар: Мекеме қызметкерлері

 

 

Күн тәртібінде;

 

Тақырып:Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (ҚРМҚІСҚА 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығы) бойынша түсінік беру.

 

          Жиналысты «ОтырарЖылу» МКК директоры Қ.Әуел күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» (ҚРМҚІСҚА 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығы) бойынша түсінік берді.

          Жалпы ережелер

          1.Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектілері) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

          2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады,оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды.

          3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:

          1) Объективтілік;

          2) сенімділік;

          3) айқындық;

          4) жан-жақтылық қағидаттарында жүргізіледі;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі басшының, ол болмаған кезде-оның міндетін атқарушы не оның лауазымын алмастыратын адамның шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге негіз болып табылады.

          Бұл ретті, осы Үлгілік қағидаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің басшылары деп мемлекеттік органның және оның ведомоствосының, ұйымның басшылары, сондай-ақ олардың қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары түсініледі.

          5.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау объектісі құрылымдық бөлімшенің, ведомоствоның,ведомоствоға бағынысты ұйымның, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің аумақтық және оған теңестірілген бөлімшесінің (бұдан әрі- талдау объектісі) қызметі болып табылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды талдау объектісі іске асыратын функциялардың санына және оның штат санына қарай құрылымдық бөлімше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілеттік берілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын тұлға немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы (бұдан әрі- жұмыс тобы) жүргізеді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау субъектісі ьасшының шешімі бойынша жұмыс тобының құрамына, сондай-ақ талдау нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің жанына болған жағдайда, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандары және сарапшылары тартылады.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім мынадай;

           1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;

           2) осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жолдау;

          3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін бөлімше,лауазымды тұлға немесе жұмыс тобының дербес құрамы туралы;

          4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең;

          5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу мерзімі;

          6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды адамы туралы ақпаратты қамтиды.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі;

          Қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісі басшының бұйрығы негізінде 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі.

           Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген мерзімдер осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында белгіленген декелеген мәселелер бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауларына қолданылмайды.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

          1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар айқындалады.

 

 

 

  1. Мынадай мәселелер талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп түсініледі;

            1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

           2) мүдделер қақтығысын реттеу;

           3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

           4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

           5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

           6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

           7) жеке және заңды тұлғалар мен шарттар жасасу;

           8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

            9) талдау оюъектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

            1) осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;

            2) осы Үлгілік қағидалар 18, 19, 20  және  21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;

            3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау;

           4) осы Үлгілік қағидалардың  25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шараларын қабылдау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізуге арналған ақпарат көздері:

           1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;

           2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есептілік;

           3) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректер;

           4) талдау объектісінің қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;

           5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;

           6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;

           7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияларымдар;

           8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

            9) талдау объектісінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауап қатарту туралы мәліметтер;

           10)  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;

            11)  талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрастыру (сұхбат) нәтижелері;

           12) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болыпта табылады.

  1. Талдау объектісінің жұмыскерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізуге уәкілетті тұлғаға, жұмыс тобына осы Үлгілік қағидалардың 15-тармағында көзделген ақпарат көздерін ұсынады, талдау объектісінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану практикасын түсіндіреді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлайды,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде мыналарды қамтитын талдамалық анықтама жасалады:

            1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты;

            2) оларды жою жөніндегі ұсынымдар;

            3) осы Үлгілік қағидалары 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.

  1. Талдамалық анықтама талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелермен келісіледі.
  2. Талдамалық анықтамаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аяқталған күннен бастап, 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.

 

            3-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері.

  1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі олардың бар екендігі туралы мәліметтерді тиіс уәкілетті органға (әзірлеушіге) жібереді.

             Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынылымдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін әдеп жөнінде уәкілдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер және өзге де құрылымдық бөлімшелер немесе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермей жөніндегі функцияларды жүзеге асырады тұлғалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру кезінде пайдаланады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін,оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылауға жол беріледі.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі іс-шаралар жоспары) осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.
  4. Іс-шаралар жоспарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысы талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктімей бекітеді.
  5. Талдамалық анықтама және іс-шаралар жоспары ол бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде құпиялылық режимін қамтамасыз етуге, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
  6. Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың  орындалуы туралы ақпаратты дайындау жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

                Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат 6 айда кемінде бір рет құпиялық режимін қамтамасыз етуді, қызметтік,коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналыстырылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша шығарылған ұсынымдарды орындау кезінде жобалық басқару тәсілдері қолданылуы мүмкін.

                Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру керек деп сөзін аяқтады.

                Баяндамашыға сұрақтар беріліп,барлығына толық жауап қайтарылды.

 

 

          Жиналыс төрағасы                                                     Қ.Әуел

         

          Жиналыс хатшысы                                                    Д. Сабыров

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/documents/details/1095502?lang=ru