Жоба
«Түркістан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №17/209-VII шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Түркістан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №17/209-VII шешіміне мынадай толықтырулар мен өзгеріс:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакциядағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;
8) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі және (немесе) жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға, оның ішінде оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне не оны ұстау үшін қажетті жағдайлар жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларға беру арқылы шаралар қабылдайды.»;
мынадай редакциядағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Жануардан бас тарту басқа тұлға оған меншік құқығын алғанға, үй жануары жануарларға арналған панажайға берілгенге не оны жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін үй жануарының иесінің немесе жауапты адамның үй жануарына қатысты міндеттерінің тоқтатылуына алып келмейді.».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
төрағасы