Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерлерді резервке қою туралы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

№327

«20»   «10»   «2026»  жыл

       

 

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерлерді резервке қою туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 49-2-бабы,  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» №178 бұйрығына және  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының          31-бабы негізінде, Меркі ауданы, Меркі, Сарымолдаев, Жамбыл, Ойтал елді мекендерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен бірлескен бас жоспар жобаларына және Екпінді, Плодовоягодный, Интернациональный елді мекендерінің оңайландырылған нұсқаларына түзетулер енгізу туралы бас жоспарына, Меркі ауданы әкімінің 08.11.2024 жылғы №384, Меркі аудандық мәслихатының 08.11.2024 жылғы №33-3 бірлескен қаулы мен шешімінің негізінде және 12.10.2026 жылғы жерлерді резервке қою жөніндегі комиссиясының оң қорытындысына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Меркі ауданы, Меркі ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 5 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында резервке қойылсын.

         Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес резервке қойылатын жерлердің орналасу схемасы белгіленсін.

         Жерлерді резервке қою мерзімі осы қаулы қабылданған күннен бастап                              10 (он) жыл болып белгіленсін.

         Резервке қойылған жерлерді пайдалану кезінде:

         1) жер пайдаланушылардың және сервитут иелерінің құқықтары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сақтала отырып, жерлер олардың бастапқы нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылсын;

         2) резервке қойылған жерлерде күрделі құрылыс объектілерін салуға тыйым салынатыны;

         3) жерді резервте қалдыру жер учаскелері резервте қалдырылған жердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқтырмайтындығы ескерілсін.

  1. «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

         1) осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жер пайдаланушылар мен сервитут иелерін, жер учаскелері резервке қойылғаны туралы хабардар етсін;

         2) осы қаулы қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға оны 3 (үш) күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу үшін жіберілуін;

         3) жерлерді резервке қою туралы ақпараттың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                      Е.Жиенқұлов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

№

Кадастрлық нөмірі

Жер пайдаланушының

аты-жөні, тегі

Жалпы көлемі, га

Нысаналы мақсаты

1

06-092-030-085

Камилов Агабек Камалович

3

шаруа қожалығын жүргізу үшін

2

06-092-030-313

Агаев Исмаил Сахаватович

2

шаруа қожалығын жүргізу үшін

Резервке қойылатын жерлердің тізбесі

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/1090530?lang=ru