11 қараша 2025 жыл – 26 маусым 2026 жыл аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтама

11 қараша 2025 жыл – 26 маусым 2026 жыл аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтама

Түркістан қаласы                                               04.06.2026ж

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын басқарманың, бөлімшенің атауы:

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

11.11.2025 ж. басталды 04.06.2026 ж. аяқталды.

Осы талдамалық анықтамаға қол қоюшы жұмысшы топпен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Түркістан облысы сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының 2026 жылғы 16 сәуірдегі №1-3/28 бұйрығы негізінде басқарма және оған бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ-сі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Тоғызбаевтың 2026 жылғы                   08 сәуірдегі №12/3909 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысының басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу хатына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамту кезеңі 11.11.2025-04.06.2026 жыл болып бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жеморлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау

Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмаған.

  1. Персоналды басқару бағыты бойынша

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 12 бірлікті құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны қазіргі таңда, 12 қызметшіні құрайды.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында 12 қызметшінің                    12 жоғары білімді.

Жоғары мамандығы біреуден көп қызметшілер саны  2 құрайды.

2025 жылдың жағдайында 6 қызметкер жоспарланып, біліктілігін арттыру оқуынан өтті (Кенжалин Серікжан, Туребеков Аман Қыдырбайұлы, Қалымбетова Жанна Әшімқызы, Құрмашова Айгерім Бектемірқызы, Тлеукиева Гүлмира Ермаханқызы, Кәдірбек Димашбек Бақытбекұлы).

Мемлекеттік органда үш жылдан жоғары қызмет атқарған қызметшілер саны 6 құрайды. Оның ішінде 6 әйел, зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметшілер саны-1.

2025 жылдың жағдайы бойынша жеке құрам мемлекеттік қызметкерлер бойынша 114 бұйрық, штаттан тыс қызметкерлер бойынша 35 бұйрық, негізгі құрам бойынша 49 бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.                     

Басқармада жұмысқа қабылдау, іріктеу конкурсы Түркістан облысы аппаратымен өткізіледі.

Сонымен қатар, басқармаға қарасты «Сәулеттік бюро» КММ-нің азаматтық қызметшілерінің штат саны – 26 бірлікті құрайды. Нақты саны қазіргі таңда 16 қызметшіні құрайды.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» КММ-де                16 қызметшінің 16 жоғары білімді, оның ішінде 11 ер, 5 әйел, бос орындар саны – 10 бірлік.

2025 жылдың жағдайы бойынша жеке құрам бойынша – 140 бұйрық, негізгі құрам бойынша  -                  28 бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

Азаматтық қызметшілерді жұмысқа қабылдау, іріктеу «Enbek.kz» биржасы арқылы рәсімделеді.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарымен және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулермен таныстырылған. Шектеулердің сақталуы үнемі бақылауда.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Басқарма қызметіне зиян келтіру мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмаған.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру

Бақылау функциялары кірмейді.

2025 жылдың жағдайы бойынша Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына 001 аппаратты күтіп ұстау бағдарламасы бойынша 114 423,0  мың теңге қаржы қаралды, 002 қалақұрылысының кешенді схемаларының және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу бағдарламасы бойынша 174 036,0 мың теңге қаржы қаралды, 113 нысаналы трансферттер бағдарламасы бойынша 76 637,0 мың теңге қаржы бөлінді. Басқармада  қызметкерлерді ақшалай сый ақы беру тәртібі қызметкерлер арасында наразылық тудырмай бөлініп берілген. Сонымен қатар, қызметкерлердің денсаулығына, отбасылық жағдайына байланысты жеке өтініштері бойынша қызметкерлерге материалдық көмек көрсетулер болған.

2025 жылы мемлекеттік сатып алу жоспары 5 632,2 мың теңгеге бекітіліп, 27.12.2024ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктелген.

2025 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 29 келісім-шарт түзіліп, қолданыстағы заң талабына сәйкес жүргізілді.

2025 жыл жағдайы бойынша салықтар мен өзге де төлемдер мерзімінде төленгені анықталды.

2025 жылы Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» КММ-нің 001 аппаратты күтіп ұстау бағдарламасы бойынша 92 251,0 мың теңге жоспарланған. «Сәулеттік бюро» КММ-де  қызметкерлерді ақшалай сый ақы беру тәртібі қызметкерлер арасында наразылық тудырмай бөлініп берілген.

2025 жылы мемлекеттік сатып алу жоспары 11 573,0 мың теңгеге бекітіліп, 24.12.2024ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктелген.

2025 жыл жағдайы бойынша салықтар мен өзге де төлемдер мерзімінде төленгені анықталды.

2025 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 21 келісім-шарт түзіліп, қолданыстағы заң талабына сәйкес жүргізілді.

2025 жылдың  жағдайы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 530 өтініш түскен, оның ішінде өтініштер 345, арыздар 28, ұсыныстар 18 және де өзге де 139 өтініштер түскен. Өтініштер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс» Заңының талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.

Түркістан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында  Басқармаға қатысты негізгі ақпараттар  мемлекеттік тілде және орыс тілінде енгізіліп, қажет жағдайда жаңартылып отыр.

Басқарма басшысы төрағалығымен әр аптаның дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа күрес бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін ұстану және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықтық бұзушылықтар мен олар туралы жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу жұмыстарын аса назарға алу тапсырылып, хаттама толтырылады.

Басқармада анықталған қосымша тәуекелдер келесідей тәртіпте жүреді:

  1. «Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзгеде қала құрылысының өзгерістерін қарау кезіндегі тәуекел» 47-1-бабының 4-тармағына сәйкес, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен асырмай енгізе алады. Осыған орай, қала құрылыстық құжаттамаларды өзгерту қажеттілігі туындаған кезде жеке азаматтардың мүддесіне қарай емес аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлай отырып, бас жоспарлармен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу қажет. Аумақта жоспарланып отырған құрылыстар аудан, қала әкімінің шешімімен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына міндетті түрде сәйкес болуы қажет.

Ұсыныс:

Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзгеде қала құрылысының жобаларына өзгерістерді бір жақты қарап құрылыс нысандарының меншік иелерінің жеке мүдделері арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

  1. «Елді мекендердің бас жоспарларын, қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру кезіндегі тәуекел» облыс бойынша елді мекендердің қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру жұмыстары кезінде жобалаушы мекеме мен тапсырысшы арасында жеке мүдделер мәселелері туындамас үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын

әзірлеу, келісу және бекіту Қағидаларына сәйкес әзірленеді. Жеке мүдде қарастырылмау үшін қоғамдық тыңдаулар – ашық жиналыстар өткізіледі. Тапсырысшы тарапынан көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері қозғалады. Қоғамның қатысуы арқылы ЕТЖЖ және құрылыс салу жобаларына ұсыныстар енгізіледі.

Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және елді мекендердің оңайлатылған         бас жоспарын «қала құрылыс, жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмыстар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы 3.01-00-2011 мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ұсыныс:

Елді мекендердің бас жоспарларын, қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру жұмыстары кезінде басқарма мен орындаушы мекеме арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша осы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін болатыны анықталып, қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Басқарма басшысы                                                               Қ.Асанов

Бөлім басшысы                                                                    Ж.Қалымбетова

Бөлім басшысы                                                                      С.Шораева

Бөлім басшысы                                                                      А.Туребеков

Бас маман-есепші                                                                М.Мырзабекова

Бас маман                                                                            А.Құрмашова

«Сәулеттік бюро» КММ

директоры                                                                            Е.Муратов

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saulet/documents/details/1054163?lang=ru