Справка

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Ұлытау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

Талдау кезеңі: 2026 жылғы 1 маусым 30 жұмыс күні
 Орындаушы: Ұлытау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Негіздеме:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, 8-бап, 1-тармақ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (ӘРПК)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің нормативтік-әдістемелік ұсынымдары

 

1. Кіріспе

Бұл талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың пайда болу себептері мен жағдайларын талдау, сондай-ақ оларды жою немесе азайту бойынша тиімді алдын алу шараларын әзірлеу мақсатында жүргізілді.

 

2. Талдау объектісі

Талдау келесі бағыттарда жүргізілді:

-        Басқарманың ұйымдастырушылық құрылымы

-        Мемлекеттік функцияларды іске асыру тәртібі

-        Мемлекеттік қызмет көрсету процестері

-        Құжат айналымы мен бақылау жүйесі

-        Кадр саясаты және персоналды басқару

 

3. Тәуекелдерді анықтау нәтижелері

3.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі тәуекелдер

Нормативтік негіз:

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы

ҚР ӘРПК (Әкімшілік рәсімдер мен шешімдердің заңдылығы қағидаттары)

Мәселе:

Бірқатар мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде қабылданып, электронды формат толық енгізілмеген (мысалы, әлеуметтік кәсіпкерлік статусын беру және тізілімге енгізі процессі).

Ақпарат беру, кеңес көрсету мерзімдерінің кешігу фактілері тіркелген.

 

 

Тәуекел:

Қызмет алушы тарапынан лауазымды тұлғалармен тікелей байланыс қажеттілігі — бұл делдалдық және жең ұшынан жалғасушылық тәуекелін арттырады.

 

3.2. Кадрлық тәуекелдер

Нормативтік негіз:

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Мәселе:

Лауазымдық ротацияның жүргізілмеуі

Конкурс және іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығы толық қамтамасыз етілмеген

Қызметтік тексерулердің нәтижелері жарияланбайды

Тәуекел:

Кадрлық шешімдердің формалды қабылдануы, жеке мүдделердің араласуы ықтималдығы жоғары.

 

3.3. Қаржылық және сатып алуға қатысты тәуекелдер

Нормативтік негіз:

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы

ҚР Бюджет кодексі

Мәселе:

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде мерзімдердің бұзылуы, конкурс комиссиясы құрамының тұрақсыздығы

Шарттарды орындау кезеңінде мониторингтің әлсіздігі

Тәуекел:

Мүдделер қақтығысы, шарттар орындалмай қалған жағдайда шара қолданылмауы

 

3.4. Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шараларындағы тәуекелдер
Нормативтік негіз:

  • ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №382 және 30 желтоқсандағы №411 бұйрықтары
  • ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы
  • ҚР Бюджет кодексі

 

Мәселе:

  1. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №382 бұйрығымен бекітілген санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) ұстауға жұмсалған шығындарды субсидиялау қағидаларына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілеріне ай сайын 83 000 теңге көлемінде субсидия беріледі. Алайда, осы қағидаларда СГТ-ның нақты орнында көзбен шолу, яғни тексеріс жүргізу қарастырылмаған. Субсидия алуға өтініш бергенде тек фото және бейнематериалдарды ұсыну жеткілікті. Бұл – кәсіпкер мен МАӨ қызметкері арасында сөз байласу арқылы жалған немесе талапқа сай келмейтін СГТ туралы құжаттар ұсыну және бюджет қаржысын заңсыз алу тәуекеліне жол ашады.
  2. Сол сияқты, жол бойындағы сервис нысандарын салуға жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларында да (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №411 бұйрығы) нысандарға барып, көзбен шолу қарастырылмаған. Бұл да жалған ақпарат беру және сапасыз нысандар бойынша субсидия алу тәуекелін арттырады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда құжаттарды тапсыру қағаз жүзінде, қолма-қол іске асырылады. Бұл тікелей байланыс факторына байланысты жемқорлық тәуекелдерін күшейтеді.

Тәуекел:

  • Жалған мәліметтер негізінде бюджет қаражатын заңсыз алу
  • Мемлекеттік қызметкер мен өтініш беруші арасындағы тікелей байланыс салдарынан делдалдық пен жеке мүдделердің араласу мүмкіндігі

Шешу жолдары:

  • Субсидияланатын нысандарды арнайы комиссия тарапынан тоқсан сайын барып, тексеру тәртібін қағидаларға енгізу;
  • Қызмет көрсету процестерін толық цифрландыру, өтінімдерді электронды түрде қабылдау арқылы адам факторын барынша азайту:

 

3.5. Қызметкерлер құрамына және этикалық талаптардың сақталуына қатысты талдау

Басқарманың штаттық саны – 17 бірлік,

Оның ішінде:

– 1 бірлік – басқарма басшысы,

– 2 бірлік – басшының орынбасары,

– 3 бірлік – бөлім басшысы,

– 11 бірлік – бас маман.

Қызметкерлердің жеке істерін зерделеу барысында жақын туыстардың, жұбайлардың бір мекемеде бірге қызмет ету фактілері анықталған жоқ.                 Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды, оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеген.

Жүргізілген ішкі талдау барысында кадр саясаты және персоналды басқару саласында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен (қызметтік этика қағидаларымен) қол қойып таныстырылған.

Басқарма басшылығы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды апта сайын жеке қабылдайды. Сонымен қатар, ай сайын құжат айналымы мен бақылауда тұрған тапсырмалардың орындалуына ішкі бақылау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқарма тарапынан тұрғындармен және мемлекеттік қызметшілермен тұрақты түрде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Басқарманың қабылдау бөлмесінде азаматтарға онлайн қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Бұл бұрыш қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компьютермен жабдықталып, мемлекеттік қызметтерге өтінім беру мен қажетті ақпарат алуға қолайлы жағдай жасалған.

Басқарма қызметкерлері мен өтініш берушілер (лицензиаттар) арасындағы тікелей байланысты барынша азайту мақсатында лицензиялау бойынша мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.

Мемлекеттік қызметшілердің жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияларын уақтылы тапсыруы, сондай-ақ мемлекеттік қызметке байланысты заңнамамен белгіленген шектеулерді қабылдауы қамтамасыз етілген.

 

  1. Ұсыныстар мен алдын алу шаралары

№

Ұсыныс

Нормативтік негіз

Мерзімі

1

Басқарма құрылымын қайта қарап, өкілеттіктерді нақтылау

ҚР СЖҚІҚ Заңы, 10-бап

2026 ж. III тоқсан

2

Мемлекеттік қызметтерді толық цифрландыру

ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы

2026 ж. IV тоқсан

3

Кадрлық ротация енгізу және кадр саясатын ашық жүргізу

ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңы

2026 ж. II тоқсан

4

Мемлекеттік сатып алу процесін автоматтандыру, тәуелсіз бақылау енгізу

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы

2026 ж. IV тоқсан

5

Ішкі бақылау және комплаенс-қызметін енгізу

ҚР СЖҚІҚ Заңы, 16-бап

2026 ж. III тоқсан

Қорытынды:
Жоғарыда аталған іс-шаралар мен ұсыныстар Ұлытау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, ашықтықты арттыруға және өңірлік экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған.

 

 

«Ұлытау облысының кәсіпкерлік

 және өнеркәсіп басқармасы» ММ

басшының м.а.                                                                        Н. Сағындық

 

Кәсіпкерлікті және сауданы дамыту,

АҚ, ТЖ, және туризмді дамыту,

сыртқы экономикалық байланыстар

бөлімінің басшысы                                                                А. Алпысбай

 

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-kasipkerlik/documents/details/1087319?lang=ru