БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

Переметный ауылы                             №15                                        2026 жылғы 13 қазан

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Бәйтерек ауданы мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу

кезеңінде сайлау комиссияларының

жұмыс кестесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 26-бабының 3) тармақшасына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліссіз, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда болып бекітілсін.
  2. Осы қаулы Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау төрағаның орынбасары Б.Нигметовке жүктелсін.

 

 

Төраға                                                       Р.Ихласов

 Хатшы                                                      Г.Губашева

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/documents/details/1083390?lang=ru