«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығының 4, 6, 9 тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге келесі жұмыс тобының құрамы бекітілсін:
- Қанатбаева Эльмира Қожасқызы – «Қызылорда қаласының мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, топ жетекшісі;
- Мейрамбек Нұртаза – кәсіпорын директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, топ мүшесі;
- Тәңірбергенов Ұлықбек Бекұзақұлы – көркемдік жетекші, топ мүшесі
- Шортанбаев Руслан – заңгер, топ мүшесі.
- Егизбаева Роза Жолдасқызы – М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры, топ мүшесі;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары 2026 жылдың 10 тамыз - 01 қыркүйек күндері жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауымен 06.2025-01.09.2026 жылдары аралығы қамтылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмысшы тобы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау және жетекшілік етуді өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.