ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№298
«28» «09» «2026» жыл
Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы «Алиев Алмаз Тулеубаевичке шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға берілген жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын, «Жер кодексінің» 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2, 7-тармақтарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы «Алиев Алмаз Тулеубаевичке шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға берілген жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №320 қаулысының 2-тармағына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
- «Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылдың 31 желтоқсаны».
- «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Е.Жиенқұлов
Енгізуші:
Аудан әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі басшысы Д.Нурпеисов