Шымкент қаласында Smart City тұжырымдамасын іске асыру туралы анықтама

Шымкент қаласында өңірлік цифрлық трансформацияны жүзеге асыру жұмыстары «Digital Qazaqstan» стратегиясының басым бағыттарына сәйкес жүргізілуде. Негізгі мақсат - жасанды интеллект технологияларын, деректерге негізделген басқару тәсілдерін және цифрлық сервистерді кеңінен енгізу арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, қала тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қалалық инфрақұрылымды цифрлық трансформациялау.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында мобильді байланыс операторлары тарапынан 1 800 базалық станция қызмет көрсетуде.

2023 жылғы жүргізілген талдау нәтижесінде қала аумағында байланыс сапасы төмен 147 нүктеде кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша Жол картасы әзірленді.

Жол картасын іске асыру аясында соңғы үш жылда 355 жаңа базалық станция пайдалануға беріліп, 398 базалық станцияға жаңғырту (Кселл – 246, Кар-Тел – 144, Мобайл Телеком-Сервис – 8) жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 393 базалық станциясы 5G жиілігінде іске қосылды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде байланыс сапасы төмен аумақтар саны 8 нүктеге дейін  азайды.

Қазіргі уақытта операторлар тарапынан базалық станцияларды құру уақытын азайту мақсатында жаңа антенна-мачталық құрылғыларды және қос мақсатты тіректерді орнату қолға алынды.

Ал ағымдағы жылға мобильді опертарлармен («Kcell» және «Кар-Тел») бірлесе жаңа 20 базалық станция орнату көзделуде.

Сонымен қоса, қала тұрғындарына кең жолақты интернет желісіне қосылу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген.

Барлық мемлекеттік мектептер, медициналық ұйымдар, әлеуметтік және өзге де маңызды нысандар жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернетпен қамтылған.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін қала аумағын толықтай кең жолақты интернет желісіне қосу жоспарлануда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде қала тұрғындарының барлығы кең жолақты интернет желісіне қосылу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, «Smart Data Ukimet» АЖ-де Шымкент қаласының ситуациялық орталығы құрылды.

«Smart Data Ukimet» АЖ мақсаты - басқару шешімдерін қолдау мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді жинауға, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық-талдау жүйесі болып табылады. Қазіргі таңда, «Smart Data Ukimet» талдамалық жүйесінде 124 ақпараттық жүйелермен интеграцияға қол жетімді және іске асқан кейстер бар. Одан бөлек, басқармалар тарапынан 100 ұсыныс беріліп, бүгінгі таңда 9 дэшборд ЖИ агенттерімен толық қолданысқа берілді.

Көлік инфрақұрылымын цифрландыру және кептелістерді төмендету мақсатында қала аумағындағы 402 бағдаршам нысанының 354-іне интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) орнатылып, қамту көрсеткіші 89% құрады. Жүйе нәтижесінде орташа жылдамдық 20%-ға артып, жолдардың өткізу қабілеті 26%-ға өсіп, көлік кептелісі 28%-ға азайды.

Қоғамдық қауіпсіздік саласында қала аумағындағы бейнебақылау камераларының жалпы саны 42 мың дананы құрайды, оның 3 956 данасы аналитикалық жүйемен қамтылған. Қала бойынша жол қозғалысын бақылау мақсатында 600 стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешен (АПК) енгізілген, сондай-ақ патрульдік автокөліктерге орнатылған 10 мобильді кешен және жедел жәрдем автокөліктерінде жасырын патрульдеу үшін 2 мобильді кешен жұмыс істеуде.

Жаяу жүргіншілер өткелдерінде ЖИ камераларын орнату арқылы автоматты бұзушылық тіркеу жүйесі іске қосылып, 2025 жылдың тамыз-желтоқсан айларында 34 808 бұзушылықты тіркелді.

Полиция департаменті тарапынан қоғамдық тәртіпті бақылау және жедел әрекет ету мақсатында 10 ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады.

Сондай-ақ, әкімдік тарапынан 2025 жылдың 17 қыркүйек күні 5 дрон пилоттық режимде орнатылып, жалпы 350-ден астам қашықтықтан мониторгілеу жағдайлары жүзеге асырылды. Дрондар қала аумағын әуеден жүйелі түрде мониторингілеу арқылы өрт ошақтарын ерте анықтауға, төтенше жағдайлардың таралу аймағын нақтылауға және олардың алдын алу шараларын жедел ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Осыған орай, бүгінде коммерциялық негізде қала аумағын толық ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қамтамасыз ету мақсатында 16 дронды жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй коммуналдық саласы бойынша «Art code» жүйесі жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, жылу желілерін құбыр ішінен тексеруге арналған инновациялық шешім. Жүйе жылу желілері, сумен жабдықтау, кәріз және сарқынды су жүйелері, сондай-ақ циркуляциялық құбырларды қоса алғанда, құбырлардың ағымдағы техникалық жағдайын бағалауға, ақауларды уақтылы анықтауға және олардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Бұл жүйе 2025 жылы пилоттық режимде қаладағы 7 мекенжайда іске қосылды.

    Сонымен қатар, ағымдағы жылға 5 шақырым жолға тиісті қаражат бөлініп, қазіргі таңда оның 4,8 шақырымында құрылыс жұмыстары орындалды.

Білім саласын цифрландыру шеңберінде Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 245 білім беру ұйымы (71 балабақша, 164 мектеп, 10 колледж) турникеттермен жабдықталған, мектепке дейінгі ұйымдар домофон жүйесімен жарақтандырылған, сондай-ақ білім беру ұйымдары цифрлық бейнебақылау жүйелерімен және дабыл батырмаларымен қамтылған.

«AIQYN» жобасы аясында 147 мектепте желілік инфрақұрылымды басқаруға арналған ЖИ элементтері бар зияткерлік жүйе енгізілуде: қауіпсіздік компонентінде 15 000 – нан астам камераның бейнеағындары полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығарылып, тамақтандыруды есепке алу бойынша
392 аппараттық-бағдарламалық кешен қаладағы 98 мектепте орнатылған.

 Сонымен қатар, «SANA» тарификациялық базасы шеңберінде 266 ұйым  (34915 қызметкер) бойынша талдау жүргізіліп, 78 мектепте
1222 педагогқа қатысты жасырын және жарияланбаған бос жұмыс орындары және 211 ұйымда 2845 қызметкер бойынша өңірлік үстемені дұрыс есептемеу тәуекелдері анықталды.

 Денсаулық сақтау саласында PULS AI – дәрігерлерге нақты диагноз қою және ем тағайындау барысында шешім қабылдауға көмек көрсететін интеллектуалды ассистент болып табылады. 2025 жылы жоба 13 мемлекеттік емханада пилоттық режимде іске қосылды. Ағымдағы жылы 7 мемлекеттік емханаға коммерциялық негізде келісімшарт жасалды.

Cerebra AI жүйесі - компьютерлік томография суреттері арқылы инсультті ерте кезеңде анықтауға арналған жоба. Бұл жоба 2025 жылы №2 қалалық емханасына пилоттық режимде сәтті енгізіліп, іске қосылғаннан бері 2 839 қызмет өңделді. Бүгінде аталған жүйе коммерциялық  №2 қалалық ауруханаларға енгізілді.

PACS жүйесі қаладағы 21 медициналық ұйымға орнатылып, жүйелі жұмыс істеуде.

Қаланың инновациялық экожүйесін дамыту мақсатында «Shymkent IT HUB» (бұдан әрі – IT HUB) 2024 жылдың тамыз айында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев және қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен ресми ашылды.

IT HUB-та аптасына 2-3 рет ақпараттық технологиялар және байланыс саласының үздік мамандарының қатысуымен шеберлік сабақтары (мастер-кластар) ұйымдастырылуда. Жалпы ашылғаннан бері 300-ден жуық іс-шара өткізіліп,
6000-ға жуық келушілер тіркелді. Аталған кезеңде 300 студент өндірістік және оқу тәжірибесінен өтіп, өңірдегі стартаптарды дамытуға арналған арнайы «Future Makers» стартап қауымдастығы құрылды. Қауымдастық аясында
8 кездесуге 48 қатысушы қатысты.

Сондай -ақ, IT HUB-та әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Tech Dames» қауымдастығы құрылып, бүгінгі күнге дейін 20 іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам қатысушы қамтылды.

Сонымен қоса, HUB аясында робототехника және Python негіздерін оқытуға бағытталған «RoboPark.kz» қосымша білім беру орталығы ашылып, 185 оқушы тегін білім алуда.

Қазіргі таңда технопарк резиденттері қатарында «QazTracker», «Alaqan», «Puls.kz», «Art Code», «Florax», «Qalam AI» сынды сәтті стартап жобалар өз жұмысын табысты жалғастыруда.

Инновациялық экожүйені дамыту шеңберінде ағымдағы жылдың 24 сәуір күні «Tashenev University» базасында «Tomorrow School» цифрлық білім беру мектебі ресми телемост форматында ашылды. 18 айлық негізгі білім беру бағдарламасы аясында 50-ден астам жобаны іске асыру және 20-дан астам заманауи технология бағыттары бойынша оқыту жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, аталған университет базасында жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайтын жасанды интеллект зертханасы – «Tashenev AI Laboratory» ашылды. Зертхана құрамына робот-гуманоид, дрон-футбол, дрон-логистика, дрон симуляторы, VR-химия, голограмма, AI-агенттер, Big Data орталығы, сондай-ақ 3D және ЧПУ технологиялық аймақтары енгізілген.

Сондай – ақ, қаланың ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және республикалық ақпараттық алаңдарда цифрландыру, жасанды интеллект, Smart City және Smart Region бағыттарында іске асырылып жатқан жобалар бойынша ақпараттық жарияланымдар тұрақты орналастырылып келеді.

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/documents/details/1071144?lang=ru