«Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

19.10.2026  №701

«Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
    2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы
2-тармағының 1-3) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 669-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақсан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект

және цифрлық даму министрлігі

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1096736?lang=kk