№ 10-05/3741 от 10.07.2026
|
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ» |
|
|
110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 тел: 8(714-2) 57-53-10, faks: 39-05-87 e-mail: dep@kostanay.gov.kz
|
110000, город Костанай, ул.Гоголя, 75 тел: 8(714-2) 57-53-10, факс: 39-05-87 e-mail: dep@kostanay.gov.kz
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының (бұдан әрі-заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымында, сондай-ақ әдістемелік кабинетте (орталықта) кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
Сонымен қатар, Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогке еңбекақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандырушы сипаттағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Осыған сүйене отырып, білім беру саласындағы еңбекке ақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен (бұдан әрі - Еңбекақы төлеу жүйесі) айқындалады.
Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) педагогтеріне тиісті диплом болған кезде белгіленеді және нақты жүктемеге қарамастан негізгі жұмыс орны бойынша жүргізіледі.
Осылайша, Заңда және еңбекақы төлеу жүйесінде бірдей қосымша ақыға қатысты әртүрлі тұжырымдардың болуы азаматтар тарапынан құқықтық қайшылықтар мен түсініспеушіліктерге әкеп соғады.
Осыған орай қосымша ақы алушыларды нақтылау бөлігінде Заңға өзгерістер енгізуді ұсынамыз.
«Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы» ММ басшысы А. Бегатаров
Орын: Р. Балкин, Д. Темиргалиева
телефон: 8 (714-2) 390798
Подписано
10.07.2026 17:05 Бегатаров Ардақ Құрмашұлы
|
Тип документа |
Исходящий документ |
|
Номер и дата документа |
№ 10-05/3741 от 10.07.2026 г. |
|
Организация/отправитель |
УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
Получатель (-и) |
МИНИСТЕРСТВО ПРОСВЕЩЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
Электронные цифровые подписи документа |
Государственное учреждение "Управление образования акимата Костанайской области" Подписано: БЕГАТАРОВ АРДАК MIIRqQYJ...VE5aWZQ== Время подписи: 10.07.2026 17:05 |
|
Государственное учреждение "Управление образования акимата Костанайской области" ЭЦП канцелярии: АРТЫКБАЕВА БАЯН MIIR5QYJ...TclB9yA== Время подписи: 10.07.2026 17:15 |
|
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года N370-II «Об электронном документе и электронной цифровой подписи», удостоверенный посредством электронной цифровой подписи лица, имеющего полномочия на его подписание, равнозначен подписанному документу на бумажном носителе. |