ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ 10 АЙЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Бүгін Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен Департаменттің 10 айда атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланған лездеме жиналыс өткізілді.
 
Жиын барысында департаменттің есепті кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары сараланып, еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек қатынастарын реттеу және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағыттарында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды.
 
Сонымен қатар, жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарының орындалу нәтижелері, азаматтар мен жұмыс берушілердің өтініштерін қарау, еңбек дауларын шешуге ықпал ету, кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
 
Сондай-ақ, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына қатысты өтініштер қаралып, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылданды.
 
Жиналыс барысында еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту, еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз ету, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
 
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Департамент қызметкерлері арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау және іскерлік киім кию мәдениетін қалыптастыру маңызды талаптардың бірі болып табылатандығын атап өтілді.
 
Қызметтік ортада киім кию үлгісі қызметкердің кәсібилігін, жауапкершілігін және жұмысқа деген құрметін көрсетеді. Осыған орай, қызметкерлерге жұмыс барысында ресми әрі іскерлік стильді ұстану, сыртқы келбетінің жинақы және ұқыпты болуына назар аудару ұсынылды.
 
Осы ретте, Департамент басшысы барлық қызметкерлерді қызметтік әдеп талаптарын сақтауға, киім кию мәдениетіне жауапкершілікпен қарауға және мекеменің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.
 
Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған еңбек қатынастары саласына қатысты басым міндеттер айқындалып, жұмыстың тиімділігін арттыруға, анықталған кемшіліктерді жоюға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
 
Басты мақсат – еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру және өңірдегі еңбек қатынастарының тұрақтылығын нығайту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/documents/details/1095759?lang=kk