Құрметті Ақкөл қаласының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында 2026 жылғы 12 және 13 қарашада қала әкімінің халықпен кездесулері өткізілетін болады.
Қала тұрғындары алдағы кездесулерге өз сұрақтары мен ұсыныстарын aqkol@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайға алдын ала жібере алады. Сондай-ақ, Ақкөл қаласы әкімдігінде ұсыныстар жинауға арналған арнайы жәшік орнатылған.
Сонымен қатар, халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады.
Кездесулер кестесі өзгерген жағдайда қосымша ақпарат Ақкөл қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында орналастырылатын болады.