Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) төмендегі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
-
«Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген. Түзету» жобасына жалпы түсіндірме жазба;
-
«Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген. Түзету» жобасының графикалық материалдары;
-
«Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы біріктірілген. Түзету» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсерлердің жалпы сипаттамасы.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Табрис» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
СЭБ әзірлеуге жауапты: «Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қоғамшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
-
Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, мұндай әсерлер қандай және оларды неліктен елеулі деп санайсыз?
-
Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неліктен?
-
СЭБ жөніндегі есепте Құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
-
Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2026–2046 жылдар.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 қазаннан 12 қарашаға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 12 қараша).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.
Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-08-90.
Электрондық пошта:
Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды Министрліктің кеңсесінің электрондық мекенжайына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Жолданған құжаттардың Министрлік кеңсесіне келіп түскенін +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭБ материалдары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: «Қызмет» – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімдері.