Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 419 шешімі

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 419 шешімі

Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36186 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы

З.Оспанова



Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/documents/details/1090517?lang=kk