Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Кондоминиум нысанының жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20536 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртауауданында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртауаудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз ету.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі
|
|
М. Меңдібаев |