✅✅✅ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

✅✅✅ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс – мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен жауапкершілігін айқындайтын маңызды бағыттардың бірі. Әрбір өтініштің уақытылы, сапалы әрі заң талаптарына сәйкес қаралуы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін қамтамасыз етуге негіз болады.

Осы орайда, бүгін Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бақылау және өтініштермен жұмыс департаментінің қызметі мен негізгі міндеттеріне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне қатысты онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бақылау және өтініштермен жұмыс департаментінің басқарма басшысының орынбасары Айдана Нұрбековна өтініштермен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары мен тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Түсіндіру барысында өтініштермен жұмыс істеудің мынадай маңызды мәселелеріне ерекше назар аударылды:

📌жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу тәртібі;

📌өтініштерді құзыреттілікке сәйкес қарау және орындаушыларға жолдау;

📌Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген өтініштерді қарау мерзімдерін сақтау;

📌өтініштерді қарау барысында заңдылық, объективтілік және ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету;

📌өтініш иелеріне толық, негізделген және уақтылы жауап беру;

📌құжаттардың орындалу барысын бақылау, мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету;

📌өтініштер бойынша жүйелі талдау жүргізу және қайталанатын мәселелердің алдын алу.

Сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде өтініште көтерілген әрбір мәселенің мән-жайын зерделеу, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты әрі дәлелді жауап ұсыну қажеттігі түсіндірілді.

Жиын барысында Департамент қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өтініштерді қарау кезінде туындайтын практикалық мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер алды.

Бүгінгі тәжірибелік кездесу Департамент қызметкерлерінің азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу бағытындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға, іс жүргізу сапасын жетілдіруге және мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін нығайтуға мүмкіндік берді. Алынған ақпараттар мен тәжірибелік ұсынымдар алдағы уақытта күнделікті қызмет барысында тиімді қолданылатын болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1329526?lang=kk