ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ

Қазақстан Республикасында бейрезиденттерді салықтық әкімшілендіру цифрландыру, ашықтық және әрбір жасалған операцияны қатаң құжаттамалық растау қағидаттарына негізделеді. Заңды тұлғалар – бейрезиденттерге, олардың тұрақты мекемелеріне, сондай-ақ шетелдік компанияларға табыс төлейтін қазақстандық салық агенттеріне қатысты кешенді және тақырыптық салық тексерулерін жүргізу ҚР Салық кодексінің нормаларымен реттеледі.

Негізгі салықтық аспектілері:

·  Тараптардың құқықтық мәртебесі: мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары есеп құжаттамасын талап етуге, жазбаша түсініктемелер сұрауға және есеп жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге құқылы (160-бап), ал тексерілетін тұлғалардың наразылық білдіруге және өз мүдделерін қорғауға құқығы бар (161-бап).

·  Талаптарды орындау мерзімдері: жазбаша талаптарды орындаудың базалық мерзімі өтініш негізінде 30 жұмыс күніне дейін ұзарту мүмкіндігімен 10 жұмыс күнін құрайды (164-бап).

·  Резиденттік сертификаты: қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттардың ережелерін қолдану үшін резиденттік сертификатының түпнұсқасы, нотариалды көшірмесі немесе электрондық аналогы салық тексеруі аяқталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс (702, 705, 706-баптар).

·  Тілдік талаптар: шет тілдерінде жасалған барлық бастапқы есепке алу, қаржылық және заңды құжаттар қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде нотариалды куәландырылған аудармамен қамтамасыз етілуі тиіс (206-бап).

·  Бенефициарлық меншік: дивидендтер, сыйақылар мен роялти төлеу кезінде аралық агенттердің немесе кондуиттік құрылымдардың рөлін жоққа шығаратын табыстың нақты (түпкілікті) алушысының мәртебесін құжаттамалық растау қажет (699, 706-баптар).

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1328239?lang=kk