Сәйкестікті бағалау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының, 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-HҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен Сәйкестікті бағалау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкестікті бағалау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, өнімді сәйкестендіру процесін оңтайландыруға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қайта ресімдеу тәртібін нақтылауға бағытталған.

Жоба бизнес субъектілері үшін рәсімдерді оңайлатуды және сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беру кезінде сынақ зертханаларының, жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Бизнес субъектілері үшін бұл рәсімдерді жүргізу мерзімдері мен шығындарын қысқартуды, сәйкестендіруді қашықтан жүргізу жане актіні оның қолданылу мерзімі ішінде бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Азаматтар мен мемлекет үшін сынақ нәтижелерінің дұрыстығын, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың, кадағалануын арттыру және көлік құралдарының, қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1324168?lang=kk