📢 МЕДИАМАТЕРИАЛДАР БАЙҚАУЫ - 2026!
Қарағанды облысының журналистерін, БАҚ өкілдерін, блогерлерін және шығармашылықпен айналысатын тұрғындарын дін саласы мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелерін үздік жариялау байқауына қатысуға шақырамыз!
🏆 Жалпы жүлде қоры - 4 050 000 теңге!
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
📺 «Үздік телевизиялық материал»
📰 «Баспа БАҚ-тағы үздік материал»
📱 «Әлеуметтік желілердегі үздік авторлық материал»
Әр номинация бойынша:
🥇 I орын - 600 000 теңге
🥈 II орын - 500 000 теңге
🥉 III орын - 250 000 теңге
📅 Өтінімдер 2026 жылғы 2-30 қараша аралығында қабылданады.
2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 30 қарашаға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан авторлық материалдар қабылданады.
Байқау ережесінің толық мәтіні «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ-нің ресми сайтында орналастырылған.
📩 Қалай қатысуға болады?
Байқау ережесінің қосымшасындағы үлгі бойынша толтырылған өтінімді, байқау материалын немесе жарияланымға сілтемені және қажетті қосымша құжаттарды электрондық поштаға жіберіңіз:
Хат тақырыбы: «Медиаматериалдар байқауы».
📞 Қосымша ақпарат: 8 701 433 13 77 (сағ. 10:00-18:00).
Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ @din_qaragandy
Маңызды тақырыптарды көтеріп, шығармашылық еңбегіңіздің лайықты бағасын алыңыз!
МедиаматериалдарБайқауы #ҚарағандыОблысы #Байқау2026 #Журналистика #Қазақстан