Жұмысқа кешіккені немесе қателік жібергені үшін ақшалай айыппұл салуға жол берілмейді

Жұмысқа кешіккені немесе қателік жібергені үшін ақшалай айыппұл салуға жол берілмейді

Жұмыс беруші қызметкерлерге жұмысқа кешіккені немесе қателік жібергені үшін айыппұл сала ала ма?
Жоқ, жұмыс беруші жұмысқа кешіккені, қателік жібергені немесе еңбек міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге өз бетінше ақшалай айыппұл салуға құқылы емес.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыс беруші қызметкерге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдана алады. Заңда көзделген жекелеген жағдайларда еңбек шарты бұзылуы мүмкін.
Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан айыппұл ретінде ақша ұстап қалуға құқылы емес. Жалақыдан ұстап қалу тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Осылайша, жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдана алады, алайда жұмысқа кешіккені немесе қателік жібергені үшін ақшалай айыппұл салуға жол берілмейді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1322155?lang=kk