2026 жылғы 27 - 29 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Мамандандырылған департаментімен бірлесіп «Трансферттік баға белгілеу» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің трансферттік баға белгілеу саласындағы кәсіби құзыреттерін арттыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, нарықтық бағаларды айқындау әдістерін және халықаралық іскерлік операцияларға бақылау жүргізу тәртібін зерделеу, сондай-ақ «қол созу принципінің» сақталуын қамтамасыз ету және салық салудан жалтарудың алдын алу.
Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде: Абдуохапов Наурызбек Олжасұлы – ҚР ҚМ МКК Трансферттік баға белгілеу басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға дәріскер толыққанды жауаптар берді.
Семинар қорытындысы бойынша 113 қатысушыға біліктілікті арттыру туралы электрондық сертификаттар алды.