Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша іс-шара өткізді.

Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша іс-шара өткізді.

2026 жылғы 23 қазанда Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы Almaty Hub-пен бірлесіп, «Кибергигиена: цифрлық әлемдегі қорғаныс» атты іс-шара өткізді. Кездесуге 180-нен астам адам қатысып, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық сауаттылық және дербес деректерді қорғау мәселелері талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың заманауи киберқауіптер туралы хабардарлығын арттыру, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру және цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында MSSP.GLOBAL және Kaspersky компанияларының, сондай-ақ Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының (ЦАРКА) сарапшылары фишинг, телефон алаяқтығы, әлеуметтік инженерия және дербес деректердің таралу қаупі туралы айтып берді. Қатысушыларға сенімді құпиясөздерді пайдалану, екі факторлы аутентификацияны баптау, күмәнді сілтемелерді ажырату және құпия ақпаратты қорғау бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылды.

Сарапшылар цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек технологияларға ғана емес, әрбір пайдаланушының жауапкершілігіне де байланысты екенін атап өтті. Кибергигиенаның негізгі ережелерін сақтау жеке деректерді қорғауға, алаяқтық тәуекелдерін азайтуға және онлайн-сервистерді қауіпсіз пайдалануға көмектеседі.

Мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, киберқауіптерді тану дағдыларын дамытуға және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы практикалық білімді таратуға ықпал етеді.

Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы цифрлық сауаттылықты дамыту, тұрғындардың заманауи киберқауіптер туралы хабардарлығын арттыру және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. Бұл ретте азаматтардың дербес деректерін қорғауға және цифрлық сервистерді жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-digital/press/news/details/1319227?lang=kk