Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін қызметті алушылардың ең үлкен қамтуы үйдегі жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтерге тиесілі.
Қостанай облысында бұл қызметтерді облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық мекемелер көрсетеді. Үйде қызмет көрсетудің барлық ұйымдары қызметті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиясы болған кезде ғана жүзеге асырады.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер тәуліктің күндізгі уақытында абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы не заңнамада көзделген өзге де негіздер ескеріле отырып ұсынылады. Үйде қызмет алу үшін АОЖБ-да ересектерге де, мүгедек балаларға да үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы ұсыныстар болуы керек.
Қызмет алушылар:
-психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар;
- психоневрологиялық аурулары және басқа да жағдайлары бар 18 жастан асқан адамдар;
- өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз және тұрақты күтімді қажет ететін мүгедектігі бар адамдар;
- зейнеткерлік жасқа толған, денсаулығына байланысты күтімді қажет ететін және жақын туыстарынан тұрақты көмек алуға мүмкіндігі жоқ немесе оның болмауының объективті себептері бар жалғыз тұратын егде жастағы азаматтар болып табылады.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаты әрбір қызмет алушыға жеке көзқарас болып табылады. Үйде қызмет көрсету ұйымдары мұқтаж азаматтарды анықтауды және есепке алуды, қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемі туралы хабардар етуді, сондай-ақ қызмет алушылардың дербестік, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыруға бағытталған жеке қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.
Үйде қызмет көрсету арнайы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін қамтиды:
әлеуметтік-тұрмыстық; әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-педагогикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-мәдени; әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-құқықтық.
Үйде қызмет көрсетудің негізгі міндеті — адамға әдеттегі үйде қажетті көмек көрсету, оның тәуелсіздігін сақтау және стационарлық ұйымға орналастырусыз лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.