Конференция барысында өтініштерді белгіленген мерзімде қарау, жауаптардың мазмұнын қолданыстағы талаптарға сәйкес әзірлеу, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша негізделген жауаптар жолдау және жүйедегі өтініштердің орындалу мерзімдерін бақылау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге өтініштерді уақытылы әрі сапалы орындау, мерзімдердің бұзылуына жол бермеу және Е-өтініш жүйесінде жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру қажеттігі түсіндірілді.