Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Лисаков қаласы)

  1. Тергеп-тексеруді жүргізуге негіз – бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша өнімге жүргізілген зерттеу қорытындылары:2026 жылғы 13 тамыздағы № 2260001068223675 полимерлік және басқа да материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгісін зерттеу хаттамасына сәйкес «Саянская» фольгасы таңбалануы бойынша талаптарға сәйкес келмейді. 2026 жылғы 27 тамыздағы № 25 халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт.
  1. Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Лисаков қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тергеп-тексеруге тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)– талап етілмейді.
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі – 2026 жылғы 21 тамыздан 27 тамызға дейін.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – жеке кәсіпкер, дүкен, Қостанай облысы, Лисаков қаласы.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – бұзушылықтар анықталған жоқ.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – анықталған жоқ.
  7. Қабылданған шаралар – қолданылған жоқ.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/documents/details/1061699?lang=kk