- Тергеп-тексеруді жүргізуге негіз: өнімдерге жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері:2026 жылғы 28 шілдедегі № 2260000008208611 тағам өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасына сәйкес – Сиыр еті қосылған інжу арпа ботқасы, стерильденген жарма қосылған өсімдік-ет консервісі, таңбалануы бойынша талаптарға сәйкес келмейді;2026 жылғы 28 шілдедегі № 2260000008208707, № 2260000008209010 тағам өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамаларына сәйкес – Bahar жоғары сұрыпты кениялық түйіршіктелген шай, құрамынан бояғыш заттар анықталған және таңбалануы бойынша талаптарға сәйкес келмейді;2026 жылғы 1 тамыздағы № 2260001068209856 полимерлік және басқа да материалдарды, олардан жасалған бұйымдарды, химиялық заттар мен композицияларды зерттеу үлгісінің хаттамасына сәйкес – «Kalyon» кондиционері (кір жууға арналған жұмсартқыш), таңбалануы бойынша талаптарға сәйкес келмейді; 2026 жылғы 31 тамыздағы № 9 халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт.
- Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Денисов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тергеп-тексеруге тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) – талап етілмейді.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі – 2026 жылғы 24 тамыз – 31 тамыз.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – жеке кәсіпкер, дүкен, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Антоновка ауылы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар – қолданылған жоқ.
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Денисов ауданы)
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/documents/details/1061697?lang=kk