ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМЫ
2023 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабына с1әйкес, Шахтинскіде №13 сайлау округі бойынша бір облыстық округтік сайлау комиссиясы, 12 аудандық сайлау комиссиясы және 34 учаскелік сайлау комиссиясы ұйымдастырылды.
Сайлау күні дауыс беру процесін бақылаушылар, БАҚ өкілдері, саяси партиялардың сенімді өкілдері мен депутаттыққа кандидаттар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса алғанда, 363 адам бақылады.
Барлығы 35 кандидат тіркелді: «AMANAT» партиясының қалалық филиалынан 10 кандидат және өзін-өзі ұсынған 25 кандидат. Сайлау күні сайлаушылардың жалпы саны 40 563 болды.
Барлығы 21 324 адам бюллетень алды, бұл сайлаушылардың жалпы санының 52,57 пайызын құрайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 112-бабына сәйкес, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттары болып мыналар сайланды:
1) №1 сайлау округінде – Рустам Гарафутдинұлы Миннуллин;
2) №2 сайлау округінде – Надежда Акимовна Наумова;
3) №3 сайлау округінде – Маршида Раисовна Кадырова;
4) №4 сайлау округінде – Тимур Турсунұлы Шакенов;
5) №5 сайлау округінде – Шолпан Беркутбайқызы Бейсембаева;
6) №6 сайлау округінде – Төлеген Нәбиұлы Шаяхметов;
7) №7 сайлау округінде – Тілеубек Аманжол;
8) №8 сайлау округінде – Ғалымтай Башкенұлы Каржасов;
9) №9 сайлау округінде – Жамала Сағантайқызы Мамерханова;
10) №10 сайлау округі – Бақытжан Ерболатұлы Мұсабаев;
11) №11 сайлау округі – Мақсат Жұмабайұлы Тоханов;
12) №12 сайлау округі – Алмас Каркенұлы Омарбеков.
№9 сайлау округінен сайланған депутат Жамала Сағантайқызы Мамерханова VIII шақырылымдағы Шахтинск қалалық мәслихатының төрайымы болып сайланды.
Шахтинск қалалық мәслихатының бірінші сессиясында VIII шақырылымдағы №8 сайлау округінен сайланған депутат Ғалымтай Башкенұлы Каржасовты AMANAT партиясының Шахтинск қалалық филиалының фракциясының жетекшісі етіп тағайындау туралы шешім қабылданды.
VIII шақырылымның бірінші сессиясында қалалық мәслихаттың үш тұрақты комиссияларын құру туралы шешім қабылданды:
1) Бюджеттік саясат және аймақтық экономикалық даму жөніндегі тұрақты комитет.
2) Әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясы.
3) Құрылыс, көлік жсыәне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы.
VIII шақырылымдағы Шахтинск қалалық мәслихаты өз жұмысын Қарағанды облыстық мәслихатының аппартыымен, Шахтинск қаласы әкімінің аппаратымен, сондай-ақ облыстық және қалалық департаменттер мен басқармалардың басшыларымен тығыз ынтымақтастықта бастады.