Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп –тексеру негізі:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы маусым айында бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижелері бойынша жасалған 2026 жылғы 30 шілдедегі № 17 акті және 2026 жылғы 28 шілдедегі зертханалық сынақ хаттамалары (№ 2260001068233230, № 2260001068233236, № 2260001068233225, № 2260001068233228, № 2260001068233229, № 2260001068233234, № 2260001068233231, № 2260001068233237) негізінде төмендегілер анықталды.
Жеке кәсіпкер «Назарова Ж.У.», мекенжайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, М. Өтемісов даңғылы, 68, «Радуга» дүкені, ЖСН 670322401945.
Өнім: 1.Ыдыс-аяқ балалар ойыншығы. Өндіруші: ООО «Visage electric», Өзбекстан Республикасында өндірілген.Таңбалануы бойынша анықталған сәйкессіздіктер: ойыншықтың атауы көрсетілмеген; импорттаушының атауы мен орналасқан жері (өндіруші уәкілеттік берген тұлға), сондай-ақ онымен байланысуға арналған ақпарат көрсетілмеген; шығарылған күні (айы, жылы) көрсетілмеген; таңбалау және ойыншықпен бірге жеткізілетін техникалық құжаттама Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалмаған; таңбалау орыс және шет тілдерінде жазылған.
- 2. Балалар ойыншығы – қылыш (артикул RT-110-1). Өндіруші: Өзбекстан Республикасы. Импорттаушы: ЖШС «Balbobek Group», Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Северное кольцо көшесі, 9Б.
Саны: 1 дана. Шығарылған күні: 04.12.2022 ж. Таңбалануы бойынша анықталған сәйкессіздік: ойыншық жасалған елдің атауы көрсетілмеген. - Балалар ойыншығы – скутер-машинка (артикул 225). Өндіруші: Өзбекстан Республикасы. Импорттаушы: ЖШС «Balbobek Group», Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Северное кольцо көшесі, 9Б. Таңбалануы бойынша анықталған сәйкессіздік: шығарылған күні (айы, жылы) көрсетілмеген.
- Балалар ойыншығы – үйшік.Өндіруші: KIDDY TOYS GROUP, Өзбекстан Республикасында өндірілген. Таңбалануы бойынша анықталған сәйкессіздік: шығарылған күні (айы, жылы) көрсетілмеген.
- Балалар ойыншығы – сквиш Bun. Өндіруші: Қытай Халық Республикасы. Таңбалануы бойынша анықталған сәйкессіздіктер: импорттаушының атауы мен орналасқан жері (өндіруші уәкілеттік берген тұлға), сондай-ақ онымен байланысуға арналған ақпарат көрсетілмеген; өндірушінің сауда белгісі көрсетілмеген; шығарылған күні (айы, жылы) көрсетілмеген;қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар белгіленген жағдайда) көрсетілмеген; сақтау шарттары көрсетілмеген; Кеден одағы аумағында өнім айналымының бірыңғай белгісі (EAC) көрсетілмеген; таңбалау және ойыншықпен бірге жеткізілетін техникалық құжаттама Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалмаған; таңбалау шет тілінде жазылған.
- Балалар ойыншығы – сквиш Super Solid Squish. Өндіруші: Қытай Халық Республикасы. Таңбалануы бойынша анықталған сәйкессіздіктер: импорттаушының атауы мен орналасқан жері (өндіруші уәкілеттік берген тұлға), сондай-ақ онымен байланысуға арналған ақпарат көрсетілмеген; өндірушінің сауда белгісі көрсетілмеген; шығарылған күні (айы, жылы) көрсетілмеген; қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар белгіленген жағдайда) көрсетілмеген; сақтау шарттары көрсетілмеген; Кеден одағы аумағында өнім айналымының бірыңғай белгісі (EAC) көрсетілмеген; таңбалау және ойыншықпен бірге жеткізілетін техникалық құжаттама Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалмаған; таңбалау шет тілінде жазылған.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы:
Жылыой аудандық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
31.07.2026 ж.- 26.08.2026ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
ЖК «Назарова Ж.У»
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :
Тергеп-тексеру барысында өнімнің сәйкестігін бағалау құжаттары тексерілді. Тексеруге өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттар, атап айтқанда жеткізуші ұсынған сәйкестікті бағалау құжаттары мен жүкқұжат ұсынылды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : Бұзушылық анықталған жоқ.
8. Қабылданған шаралар : Бұзушылық анықталған жоқ.