«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының
1 тармағының 2 тармақшасына, 3 және 4 тармақтарына сәйкес, Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2026 жылғы 4 қазанға Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Сабынды ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалсын.
- Сабынды ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніңдегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық « Нұр Қорғалжын» газетінде жариялансын.
Қорғалжын аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Байкадамов
Қорғалжын аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы С.Нуркенова