Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің
2026 жылғы «___» ______
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторының
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
- Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы (бұдан әрі – Төраға) өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы лауазымға қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті туралы Ережені (бұдан әрі - Комитет) және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Төраға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен тағайындалады және атқаратын қызметінен босатылады;
1) Төраға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне тікелей бағынады.
1.3. Төрағаға тікелей бағынатын лауазымдар тізбесі:
1) төрағаның орынбасары;
2) аумақтық бөлімшелердің басшылары.
1.4. Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оның орынбасарларының бірі жүзеге асырады.
- Төрағаның құқықтары
2.1. Төрағаның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
2.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитет аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты құзыреті шегінде сұрату және алу;
2.3. Министрлік Аппаратының Басшысына қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
2.4. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, нұсқаулар беру және шешімдер қабылдау;
2.5. Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру жөнінде министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу;
2.6. Қолданыстағы заңнаманы, Комитеттің норма шығару жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2.7. Министрлік Аппаратының Басшысына даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларға үстемеақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, Комитет қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын көтермелеу мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
2.8. Өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер қабылдауға, бұйрықтарға, құжаттарға қол қоюға және нұсқаулар беруге;
2.9. Комитеттің жұмысын жоспарлау;
2.10. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік ету;
2.11. Өткізілетін семинарларда және (немесе) курстарда, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өткізілетін курстарда өз біліктілігін арттыру;
2.12. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу және оларды өткізуге, халықаралық симпозиумдарға және басқа да іс-шараларға қатысу;
2.13. Комитет қызметкерлерінен, Аумақтық бөлімшелер басшыларынан және олардың еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзу жөніндегі орынбасарларынан түсіндірмелер талап етілсін;
2.14. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
- Төрағаның міндеттері
3.1. Комитет қызметінің мәселелері бойынша Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын басқару және ұйымдастыру.
3.2. Құзыреті шегінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
3.3. Өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен және мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
3.4. Комитет қызметкерлерінің, төрағаның орынбасарының, Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының міндеттерін, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындау, сондай-ақ оларға өкімдер беру және олардың орындалуын бақылау.
3.5. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелері арасындағы жұмысты және тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
3.6. Комитет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.
3.7. Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі мәселелері бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастыру.
3.8. Комитетті және оның аумақтық бөлімшелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
3.9. Комитет қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын орындауын ұйымдастыру және бақылау.
3.10. Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
3.11. Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген мерзімде уақтылы қарауды қамтамасыз ету.
3.12. Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.
3.13. Жұмыс беруші, қызметкер және мемлекеттік еңбек инспекторы арасындағы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша туындайтын келіспеушіліктерді қарау.
3.14. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету.
- Төрағаның жауапкершілігі
Комитет төрағасы осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерді сақтамағаны үшін жауап береді.
4.1. Төраға жауапты:
- Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындауда;
- алдына қойылған міндеттерді және оған жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыру және орындауда;
- өзіне берілген құқықтар мен өкілеттіктер шеңберінде өз міндеттерін уақтылы, сапалы және тиісінше орындауда;
- мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметінде болуына байланысты шектеулерді сақтамауда;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, еңбек және атқарушылық тәртіпті, оның ішінде Комитет және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің сақтауына;
- Е-Otinish-те тіркеу сатысында өтініштерді тіркеу карточкасының деректемелерін (өтініш түрі, өтініш нысаны, өтініш тілі, ЖСН, азаматтығы, ұлты, жынысы, кәсібі және т. б.) дұрыс толтырмағаны үшін;
- Е-Otinish-ке өтініштер бойынша сұрақтар мен қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтырмағаны үшін;
- Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен рұқсат етілмеген өзге де әрекеттерге жеке жауапты болады.
Жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлік атқаратын лауазымынан босатылған кезде, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттама мен тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге берілетін болады.
Таныстым (а):
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т. А. Ә., қолы, күні)
Таныстым (а):
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т. А. Ә., қолы, күні)
Таныстым (а):
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т. А. Ә., қолы, күні)