2025 жылғы аудан бюджетінің
атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы
Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы ұсынылған жылдық есеп келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 3 951 588,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 284 457,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 43 479,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 31 493,2 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 592 158,7 мың теңге;
2) ) шығындар – 3 632 780,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 590,1 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 37 354,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 29 763,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – -29 620,6 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер- 29 620,6 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 340 838,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -340 838,4 мың теңге;
бюджеттік қаражаттардың қалдығы – 422 060,8 мың теңге.
- 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы бойынша Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі бекітілсін.
- Аудан бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстың жақсару мақсатында:
ҰСЫНЫЛСЫН:
- Ауылдық округтердің әкімдері мен бюджеттік бағдарламалрдың әкімшілері:
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту.
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша) кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке бересіні азайтуға және жоюға бағытталған шараларды қабылдасын.
- Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихатының төрайымы
|
Г. Мұстафина
|