Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

 

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

 

 

1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 24 шілдедегі Кенжекөл ауылының тұрғынында «А.23» жағдайы бойынша шұғыл хабарлама, 2026 жылғы 7 және 10 тамыздағы жануарлардың тістеуі және сілекейлеуі жағдайлары бойынша шұғыл хабарламалар.

2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы –«Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ

3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған

4.Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 24 шілдесінен бастап 2026 жылғы 17 тамызға дейін.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖШС «Отбасылық медицина клиникасы» Павлодар қ, Кенжеколь а.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: анықтау барысында мыналар белгіленді: жеке шаруашылықтағы жануарлармен ошақта байланыста болған адамдарға дереу тексеру жүргізілмеген- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 9-тарауының 204-тармағын бұзу.       Сондай-ақ құтырмаға қарсы көмек көрсету кезінде бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың 6-тарауының 130-тармағы 4) тармақшасының талаптары бұзылған.      Жануарлардан тістеліп зардап шеккен адамдар бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарламалар жіберілмеген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы ақпаратты (шұғыл хабарламаны) ұсыну қағидаларының» 2-тарауының 4-тармағын бұзу.

7.Халықтың санитариялық– эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға 8.Қабылданған шаралар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1056466?lang=kk