|
Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасы және 2 тармағына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 27 қыркүйекке Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
К.Губашев |
|
Хатшы |
Г.Сиранова |
Аққыстау ауылы
2026 жылғы 19 тамыз
№3