ҚАУЛЫ
Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясы
№ 26 «16» қыркүйек 2022 ж.
Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 6) тармағына, 21 бабы 4 тармағына, 22 бабына сәйкес Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтынсарин ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын: Красный Кордон ауылы әкімі – Красный Кордон ауылы сайлау округі Красный Кордон ауылы шекарасы.
- Сайлау округі тізімі шекарасымен және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерімен Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының интернет –парақшасына және аудандық «Таза бұлақ- Чистый родник» газетіне жариялансын.
Аудандық сайлау комиссиясының
төрағасы С. Тарасова
Аудандық сайлау комиссиясының
хатшысы Ж. Алиева