Құрманғазы ауданында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат Өтініштердің статистикасы

Құрманғазы ауданында  «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат

 Өтініштердің статистикасы

2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға барлығы 1138 жолданым келіп түскен (2025 жылдың қаңтар-қазан айларына 835 өтініш түскен), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,3 % -ға өсіп отыр.

      Өтініштердің түрлері бойынша: арыз – 629, шағым – 105, сұрау салу, үн қосу, хабарлама – 380 , ұсыныс –24.

Жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштер саны:

Аудан әкімі аппаратына –700.

Ауылдық округ әкімі аппараттарына –228.

Ауданның дербес бөлімдеріне –210 .

Барлығы 1040 өтініш қаралды. Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен қабылданған шешімдер: заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені-755 ,                       оң шешілгені - 127,  қараусыз қалдырылғаны– 53. Орындалу үстінде –33, құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға 72 өтініш қарауға жіберілді.

 «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселесі анықталды:

ТОП-1: Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық-165;

ТОП-2: Жер қатынастары – 94;

ТОП-3: Жеке қабылдау– 80;

ТОП-4: Жұмыспен қамту-15; 

ТОП-5: Әлеуметтік көмек–10.

Соның ішінде, жер мәселесі бойынша- 30 өтініш оң шешілді

 

Азаматтарды жеке қабылдау

 

 Құрманғазы ауданы әкімінің азаматтарды қабылдауы айына 2 рет, айдың 2-ші, 4-ші сәрсенбі күндері Азаматтарды қабылдау орталығында өткізіледі.

Жыл басынан бері бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес аудан әкімімен азаматтарды жеке қабылдау  13 рет, кезектен тыс 18 рет өткізілді.

2026 жылдың 10 айында аудан әкімімен барлығы 31 қабылдау өткізіліп, 135 азамат жеке қабылдауда болды:

тұрғын үй мәселесі бойынша – 71 азамат;

жұмыспен қамту мәселесі бойынша – 15 азамат;

жеке қосалқы шаруашылық (жол, газ, электр энергиясы, ауыз су, қоқыс контейнерлері) мәселелері бойынша – 35 азамат;

жер мәселесі бойынша– 14 азамат.

Сонымен қатар, аудан әкімімен азаматтардың өтініштері бойынша 27 хаттамалық тапсырма берілді.

Аудан әкімінің орынбасарларымен 28 қабылдау өткізіліп, 46 азамат жеке қабылданды. Аппарат басшысымен 2 қабылдау өткізіліп, 2 азамат жеке қабылданды.

Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы

 

2026 жылдың 10 айында АҚО-на келген азаматтардың жалпы саны – 508   болды. Оның ішінде: кеңес алғандар саны - 232,  жеке қабылдау саны- 79, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны - 277 болды.

2026 жылдың 10 айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы – өтініш тіркелді. Соның ішінде, орталықта тіркелген өтініштердің саны – 585-ді құрады.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/documents/details/1100600?lang=kk