Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
2-қосымша

Форма

«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы

_____________________ А.Т. Досжанов

«____» ______________ 2026 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

№

Іс-шара

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

ӘҚБтК-нің 87-бабын талдау және әкімшілік жауаптылық субъектісін айқындаудың объективті өлшемшарттарын белгілеу үшін өзгерістер енгізу мәселесін қарау туралы Министрлікке ұсыныстар жолдау

Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы

Жоспар бекітілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде

2

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде зардап шеккен жұмыскердің кінәсінің дәрежесін айқындаудың бірыңғай өлшемшарттарын әзірлеу туралы Министрлікке ұсыныс жолдау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы

Жоспар бекітілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде

3

Бақылау іс-шаралары, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және әкімшілік істерді қарау кезінде инспекторлардың заңнама талаптарын сақтауын тексеруді қамтамасыз ету

Департамент басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары

Тұрақты негізде

4

Инспекторлар шешімдерінің негізділігі мен дәлелділігіне, оның ішінде әкімшілік жауаптылық субъектісін дұрыс айқындауға іріктемелі талдау жүргізу

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары

Тұрақты негізде

5

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері мен тәртібін, жауаптардың толықтығы мен негізділігін бақылау

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары

Тұрақты негізде

6

Инспекторлардың қызметтік жүктемесі мен кадрлық қамтамасыз етілуін бағалау, негіздер болған жағдайда штат санын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Талдамалық жұмыс бөлімінің басшысы

Жоспар бекітілгеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде

7

Мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау талаптарын бақылау

Департамент басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары

Тұрақты негізде

8

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану, қолжетімділік құқықтарын ажырату және пайдаланушылар әрекеттерін құжаттау қағидаларының сақталуын тексеру

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мемлекеттік еңбек инспекторлары

Тұрақты негізде

9

Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Департамент басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторлары

Тұрақты негізде

10

Жоспардың орындалуына мониторинг жүргізу, нәтижелерін құжаттау және іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат дайындау

Жауапты орындаушылар, Департамент басшысы

Тұрақты негізде

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/documents/details/1098054?lang=kk