«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.11.2026 - 12.11.2026
Қабылдау 1 этап: 11.11.2026- 12.11.2026
Қабылдау 2 этап: 13.11.2026
Эссе: 14.11.2026
Сұхбат: 18.11.2026
Анықтама телефоны: 87103954274
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Қарағанды облысы Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің бюджет секторының қала бюджетін жоспарлау және атқару, түсімдердің жиынтық жоспарларын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу, бюджеттік мониторингті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, бюджет ақшасын басқару бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі қызметін үйлестіреді. Қалалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингін жүргізуді ұйымдастырады. Үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетінің жобасын әзірлейді. Қала бюджетін бекіту және нақтылау туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындайды. Мәслихат шешімдерін іске асыру бойынша қаулы жобаларын дайындайды. Бюджеттік комиссияның материалдары мен хаттамаларын дайындайды.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес және басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.