Өскемен қаласы
2024 жылғы 10 қазан
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Өскемен қаласы қаржы бөлімі басшысының 2024 жылғы 23 тамыздағы № П-918 бұйрығына сәйкес «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізілді.