Құқық қорғау органдарының бос лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ-нің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-SVО-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;
1) құқық қорғау қызметінде не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
«Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі №67 бұйрығы.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min 238 440 теңге max 293 251теңге
C-SVO-8
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ (07013), Өскемен қаласы, Левоневского к-сі 21, 100-каб., анықтама телефоны: 8(7232)701894, эл. мекен-жайы:a.alimbekova@mvd.gov.kz бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД құжат айналымы және өтініштерді бақылау тобының аға инспекторы, C-SVO-8 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің материалдық есеп тобының жұмысын ұйымдастырады:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 1 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) өз қолымен толтырылған және жазылған, жақын туыстары, жұбайы/зайыбы, соның ішінде бұрынғы жұбайлары көрсетілген егжей-тегжейлі өмірбаян (осы Қағидаларға 2 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша), сондай-ақ қосымша ретінде қызметтік тізімнің көшірмесі (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының, әскери қызметшілердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы қызметкерлері үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (өзге тұлғалар үшін);
5) осы Қағидаларға 3 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесетіркеукуәлігі;
7) тестілеу нәтижелері бойынша, оның ішінде жеке қасиеттерді бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 16-бабы 2 -тармағына сәйкес берілген сертификат
Жоғарыда көрсетілген құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Кандидат ақпараттық автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) арқылы мынадай құжаттарды береді.
Құжаттар пакетін толық тапсырмау, оның ішінде олардың құрамында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтердің (деректердің) болуы, сондай-ақ осы Қағидалардың 34- тармағындағы көрсетілген мерзімі өткен құжаттарды ұсыну және кандидатты келесі құжаттарды ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы жинауға және өңдеуге келісім беруден бас тартуы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуіне негіз болып табылады
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішіндеҚР ІІМ ҚАЖД «Шығыс Қазақсьан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ– де өтеді.
Конкурсқа қатысу шығынын (конкурс өткізу орнына және кері қайту жолақысы, тұрғын үй жалдау құны) азаматтар өздерінің қаржысы есебінен төлейді
Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Әңгімелесуге байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.
Органның конкурстық комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда кандидат оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағымданады.
Бос қызмет орындарына конкурс өткізу рәсіміне мына төмендегілер жатады:
1)конкурстық комиссия өткізетінконкурсқақатысушыларменәңгімелесу;
2) конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру (бұдан әрі - ӘДК);
3) конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық зерттеу;
4) органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.