№ 10-05/3740 от 10.07.2026
|
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ» |
|
|
110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 тел: 8(714-2) 57-53-10, faks: 39-05-87 e-mail: dep@kostanay.gov.kz
|
110000, город Костанай, ул.Гоголя, 75 тел: 8(714-2) 57-53-10, факс: 39-05-87 e-mail: dep@kostanay.gov.kz
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осы бапта белгіленген тәртіптік жаза түрлерін қолдануға құқылы.
Бұл дискрециялық өкілеттіктер лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соғуы мүмкін мінез-құлық және/немесе басқару шешімін таңдау мүмкіндігін айқындайтын жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар, бұл норма жұмыс берушіге тәртіптік ықпал ету шарасын таңдаудың нақты критерийлерін белгілемей, дискрециялық өкілеттіктердің едәуір көлемін ұсынады. Бұл жазаларды бірнеше мәнде түсіну, субъективті қолдану тәуекелдерін тудырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлардың туындауына ықпал етеді.
Тәртіптік практиканың ашықтығы мен әділдігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі дискрециялық норманы жою туралы мәселені қарауды сұраймыз.
Басшы А. Бегатаров
Орын: Д. Темиргалиева
тел: 8 (714-2) 390798