Қызмет ерекшелігіне байланысты балаларды санаторий-интернаттарға оқуға қабылдау кезінде ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары... (бұдан әрі - Қабылдау қағидалары) және ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі-Қызмет Қағидалары) арасында қайшылықтар бар.

№ 10-05/3739 от 10.07.2026

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

         ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

«УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ

АКИМАТА

КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ»

 

110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75

тел: 8(714-2) 57-53-10, faks: 39-05-87

e-mail: dep@kostanay.gov.kz

 

 

 

110000, город Костанай, ул.Гоголя, 75

тел: 8(714-2) 57-53-10, факс: 39-05-87

e-mail: dep@kostanay.gov.kz

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің Қостанай

облысы бойынша департаменті

 

 

  1. 1. Қызмет ерекшелігіне байланысты балаларды санаторий-интернаттарға оқуға қабылдау кезінде ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары... (бұдан әрі - Қабылдау қағидалары) және ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі-Қызмет Қағидалары) арасында қайшылықтар бар.

 Қабылдау қағидалары (10-т., 17-т., 27-т.): балаларды 1-сыныпқа оқуға қабылдау 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында, 10-сыныпқа негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі және 31 тамызға дейін жалғасады. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

Қызмет қағидалары (289-тармақ): санаторий мектеп-интернаты оқу жылы немесе жартыжылдық басынан бастап алты жастан асқан балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Бос орындар болған кезде білім алушыларды оқу жылы басталғаннан кейін оқуға қабылдауға жол беріледі. Балалар санаторий мектебінде оқу жартыжылдығынан кем емес уақыт толық сауығып кеткенге дейін оқиды. Медициналық көрсетілімдер бойынша 5-10 айға ұзартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі.                                                                                                                                  

Қабылдау ережелері: қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың нақты тізімі белгіленді.

Қызмет қағидалары: санаторий мектеп-интернаты облыстық, қалалық туберкулезге қарсы диспансер жанындағы жергілікті денсаулық сақтау органдарының комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім және денсаулық сақтау басқармаларының бағыттары бойынша оқу жылы немесе жартыжылдық басынан бастап алты жастан асқан балаларды қабылдауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері.

Қабылдау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қағаз жүзінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Алайда, санаторий-интернатқа қабылдау туралы өтінішті жіберу мүмкін емес, өйткені өтініш берудің электрондық нысаны қабылдау ережелерінде көзделмеген басқа құжаттарды жіберуді көздемейді. Бұл жағдай шалғай елді мекендерде тұратын адамдар үшін ерекше қиындық тудыруы мүмкін.

Көрсетілген мән-жайлар оқушыларды қабылдаудың, шығарудың немесе ауыстырудың өзге тетігін талап етеді.  Балаларды санаторлық мектеп-интернаттарға жеке Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімін бөлу жалпы қабылдау ережелері мен санаторлық мектеп-интернаттар қызметінің медициналық ерекшелігі арасындағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» жалпы мемлекеттік қызметінен балаларды санаторлық мектеп-интернаттарға қабылдау рәсімін дербес мемлекеттік қызметке бөлу туралы мәселені қарауды ұсынамыз.

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің бірі «Құжаттарды қабылдау және балаларды «10» сыныпқа қабылдау» болып табылады. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
    12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген) Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. Осы мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал); 2) көрсетілетін қызметті беруші. Алайда, порталда осы мемлекеттік қызметті портал арқылы алуға мүмкіндік беретін қойынды жоқ. Бұл қызметті тек көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алуға болады.

          Баяндалғанның негізінде порталдың функционалын «Құжаттарды қабылдау және балаларды «10» сыныпқа қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қойындысымен толықтыру туралы мәселені қарауды сұраймыз.

  1. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 6 мемлекеттік қызмет үшін (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген) осы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті талаптар тізбесі бекітілмеген (1.Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; 2.Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектеп алдындағы сыныбына қабылдау; 3. ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау; 4.Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау; 5.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ұсыну;
    Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну).

             Осылайша, НҚА-ны мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар тізбесімен толықтыруды ұсынамыз.

  «Қостанай облысы әкімдігінің

  білім басқармасы»  ММ басшысы                                                 А. Бегатаров 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын: А. Каримжанов, Д. Темиргалиева

тел: 8 (714-2) 390798        

                        

 

Подписано

10.07.2026 17:04 Бегатаров Ардақ Құрмашұлы

 

 

Тип документа

Исходящий документ

Номер и дата документа

№ 10-05/3739 от 10.07.2026 г.

Организация/отправитель

УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ

Получатель (-и)

ДЕПАРТАМЕНТ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ ПО КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ

Электронные цифровые подписи документа

Государственное учреждение "Управление образования акимата Костанайской области"

Подписано:  БЕГАТАРОВ АРДАК

MIIRsQYJ...MstI0kYAI

Время подписи: 10.07.2026 17:04

Государственное учреждение "Управление образования акимата Костанайской области"

ЭЦП канцелярии:  АРТЫКБАЕВА БАЯН

MIIR7gYJ...piZz6VQ==

Время подписи: 10.07.2026 17:10

 

 

 

Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года N370-II «Об электронном документе и электронной цифровой подписи», удостоверенный посредством электронной цифровой подписи лица, имеющего полномочия на его подписание, равнозначен подписанному документу на бумажном носителе.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/documents/details/1095867?lang=kk