Жеке тұрғын үй құрылысы мақсатында жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға арналған ақпарат

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мақсатында жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтар өздерінің кезектегі реттік нөмірін және кезекке тіркелу туралы мәліметтерін Қазақстан Республикасының Жер кадастрының бірыңғай мемлекеттік жүйесі (ЕГКН) порталындағы «Кезекте тұрған азаматтардың тізілімі» бөлімі арқылы тексере алады.

Ол үшін:

1. Қазақстан Республикасының Жер кадастрының бірыңғай мемлекеттік жүйесі порталына кіру;

2. «Кезекте тұрған азаматтардың тізілімі» бөлімін таңдау;

3. Жер учаскесін алу кезегіне тіркелген елді мекенді таңдау;

4. Өзінің аты-жөнін енгізу қажет.

Осы арқылы азаматтар жер учаскесін алу кезегіне тіркелу мәліметтерімен және кезектегі реттік нөмірімен таныса алады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/documents/details/1095712?lang=kk