Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
№19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Алматы облысының Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабы 6-1-тармағының 3-)-тармақшасы, 105-бабы 1-тармағының 2-абзацына сәйкес 2026 жылғы 03 қарашадағы округтік сайлау комиссиясының 1963 жылы туылған Чыныкулов Бүғыбай Арықбекұлын №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.