Алаяқтықтан сақ болыңыз!

Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейіп келеді. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жалған хабарламалар мен қоңыраулар арқылы жеке мәліметтерін және банк карталарының деректерін иемденуге тырысады.

Сондықтан белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болыңыз, ешкімге банк картасының нөмірін, құпиясөзді және SMS арқылы келген кодтарды бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және ақша аудармас бұрын ақпараттың шынайылығын тексеріңіз.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-ekiasha/documents/details/1095504?lang=kk