Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы

«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданы бюджеті шығыстарының басым бағыттарының тізбесі айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сандықтау ауданының әкімі                                                    С. Құдабай

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/documents/details/1095448?lang=kk