«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу.
- Аталған техникаларды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу.
- Аталған техникаларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап тексеруден өткізу.
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру.
Есепті кезеңде барлығы 184 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 163 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
2025 жылы жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметтерінің қолжетімділігі мәселелері бойынша қоғамдық бақылау жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылы әлеуметтік желілерде 2 тікелей эфир өткізілді және тұрғындарға 20 ақпараттық брошюра таратылды.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шарасы жүргізілді. Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» және өзге де ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар мен көрсетілетін қызметті алушылардың өз еркімен бас тарту жағдайлары болған жоқ.