«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы III тоқсанда атқарған жұмыстары туралы ЕСЕБІ

«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы III тоқсанда атқарған жұмыстары туралы ЕСЕБІ

 

Бөлімге түскен өтініштерді қарастыру

Бөлімге 2026 жылы – 40 өтініш түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардың өтініштері – 37, заңды тұлғалардың өтініштері – 3. Өтінішті қарастыру нәтижесі бойынша барлығы қанағаттандырылды.

 

Жер учаскесін бөлу және рұқсат беру бойынша өтініштерді қарастыру

Жер қатынастары саласындағы өтінімдерді өңдеу бойынша Әкімдік қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны арқылы жер учаскелерін бөлу туралы – 29  (2 заңды және 27 жеке),

Жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бөлімнің және әкім аппартының сайтында жарияланған. 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында

2026 жылы 1-қазанға дейін бөліммен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында 457 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту – 1 (Атап айтқанда, 2026 жылдың II тоқсанында «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша 1 бас тарту тіркелді.). Қағаз түрінде – 38 қызмет, «Электронды үкімет» веб – порталы арқылы – 419 қызмет көрсетілді.

Ұсыныс журналы және ұсыныс шағым туралы өтініш қалдыратын жәшік қолжетімді жерде орналастырылған. Ағымдағы кезеңде ескертулер мен шағымдар түскен жоқ.

 

Бюджеттік түсім бойынша 3 тоқсан.

Жер учаскелерін пайдалану бойынша қалалық бюджетке 11 592,2 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 11 589 мың теңге, немесе 100 % орындалды;

Жер учаскесінің жалға алу құқығын сату-сатып алудан 5 054,3 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 5 055 мың теңге, немесе 100 %  орындалды;

Жер учаскесін сатып алу-сатудан 14 192,4 мың теңге түсті, жоспар бойынша –               9 395  мың теңге, немесе 151,5 % орындалды;

Жарнама орнату үшін жергілікті бюджетке 1,005 мың теңге (жоспар – 1,006 мың теңге) түсті, яғни 100, %  құрайды.

 

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған кезек

2026 жылдың 1 қазанға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алу бойынша арнайы есепке 1407 азамат қойылған. 2026 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 1 жер учаскесі кезекке сәйкес берілді.

 

Жер учаскелерін сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату

2026 жылы 3-тоқсанда gosreestr.kz сайтында 2 электронды сауда-саттық (аукцион) өткізіліп, жалпы сомасы 5 133 808 теңгеге 3 коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері сатылды.

Конкурс өткізілген жоқ себебі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жоқ.

Коммерциялық мақсаттағы қайтарылған және бос жер учаскелері сауда-саттықта (аукционда) gosreestr.kz сайтында электронды түрде сатылатын болады.

 

Нысаналы мақсатымен ұзақ уақыт пайдаланылмай жатқан не жер заңнамасын бұза пайдаланылып жатқан жер учаскелері бойынша атқарылған жұмыстар

2026 жылдың 3-тоқсанында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған, игерілмеген 16 жер учаскесі анықталып, материалдары шара қолдану үшін Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды

 

Қала аумағында салынып жатқан және құрылысы аяқталған объектілерге мониторинг жүргізу.

Приозерск қаласы бойынша 2026 жылдың 3-тоқсанында салынып жатқан объектілер саны - 26 нысанды құрады. Оның ішінде - 6 нысан пайдалануға берілді, 12 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда, - 8 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтатылған.

 

Қаланың Бас жоспрын өзектендіру

2026 жылғы 19 ақпанда Қарағанды облыстық мәслихатының ХХХІІ сессиясының №366 шешімімен «Приозерск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспары. Түзету» жобасы бекітілді. Қазіргі уақытта аталған құжат қолданысқа енгізіліп, өзекті жоспарлау құжаты ретінде пайдаланылуда.

 

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

2019-2026 жылдар аралығындағы салынған нысандардың пайдалануға берілген 68 актілері Геопортал РМК «Мемқалақұрылыскадастры» ақпараттық жүйесіне толық енгізілді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zem-priozersk/documents/details/1095175?lang=kk