Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

        Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 09.10.2026 жылғы № 24-21-16-15/3395--И шығыс хатымен Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша жүргізілген өнімнің зертханалық зерттеулерінің қорытындысы негізінде, ҚР ДСМ СЭБК Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақсуат ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылау мақсатындағы сатып алу нәтижелері бойынша жолданған хатына сәйкес
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 15.10.2026 ж - 29.10.2026 ж
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Мясные времена» ЖШС, БСН 131240006584, шұжық өндіру цехы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Б. Бейсекбаев көшесі, 28-үй.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталды.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Мясные времена» ЖШС, БСН 131240006584, шұжық өндіру цехы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Б. Бейсекбаев көшесі, 28-үй.
  8. Қабылданған шаралар: Жедел ден қою шаралары ретінде өнімді кері қайтарып алу және айналымнан алып қою шаралары қабылданды.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/documents/details/1095111?lang=kk